Текст
Запорожье орта мектебінде 2020 жылдың қаңтар айының 20 күні «Нақты ғылымдар елінде» атты жаратылыстану-математика онкүндігінің ашылуы болды.
Онкүндіктің мақсаты: жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқытуда және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
Салтанатты жиында оқушылар әр пән туралы нақыл сөздер айтып, шағын зерттеулер мен роботтардың қызметін көрсетті. Қазақтың ұлттық музыка аспабы домбырада күй ойналып оның жасалуында нақты ғылымдармен қандай байланысы бар екендігі айтылды.