"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданының білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Запорожье отдела образования Жаксынского района управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Виртуальный музей ЗСШ 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім және ғылым Министрінің " Қазақстан Республикасының 29 шілдедегі 2019 жылғы № 337

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы  № 604 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) барлық білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес БҰЙЫРАМЫН::

1. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2019 - 2020 оқу жылының басталу, ұзақтығы мен каникулдық кезеңдерінің мынадай мерзімдері белгіленсін:

1) 2019 - 2020 оқу жылының басталуы-2019 жылғы 1 қыркүйек;

2) 1 - сыныптарда оқу жылының ұзақтығы-33 оқу аптасы, 2-11 (12) - сыныптарда-34 оқу аптасы. Мереке күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламаларының мазмұнын біріктіруді есепке ала отырып, қайталауға бөлінген сағат есебінен келесі күндерге ауыстырылады;

3) оқу жылы ішінде каникулдық кезеңдер:

1-11 (12) сыныптарда: күзгі - 7 күн (2019 жылғы 28 қазаннан 3 қарашаға дейін қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2019 жылғы 30 желтоқсаннан 2020 жылғы 8 қаңтарға дейін қоса алғанда), көктемгі - 13 күн (2020 жылғы 21 наурыздан 2 сәуірге дейін қоса алғанда));

1 сыныптарда: қосымша демалыс - 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш. М. ҚАДЫРОВА) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;;

2) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

4) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Ф. Н. Жақыповаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының

Жаңартылған күні: 15.01.2020 16:02
Құрылған күні: 25.05.2020 17:25

Текст