Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңi.(1 мин)
- Балалармен амандасу, түгендеу, «5 Т» ережесін естеріне салу.
5 Т – ережесі:
- Тәртіп.
- Талап.
- Тыныштық.
- Тазалық.
5.Татулық.
- Сыныпты «Қима қағаздар» арқылы 4 шағын топшаларға бөлу.
Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» №1
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Ой мен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға ба ғыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсы лықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңыз ға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің денеңіз ден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқанда рыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағытта ңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсім діктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішім де... Мен Нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!
Дем аламыз, дем шығарамыз......( 9- 10 рет, баяу).
- Үй тапсырмасын тексеру.(5 мин)
Зейнолла Серікқалиұлы «Рухани ұлы мұрат» мәтінін талдау.
Сұрақтар:
- Сенің ойынша, өнер неге арналған, оның басты мақсаты неде?
- Өнер адамға қалай әсер етеді?
- Адамдармен өнерменнеге айналысады және оған деген қажеттілік бар ма?
- Суретші үшін көрерменнің пікірі маңызды болса да, ол неліктен ешқашан біреудің жетегіне ермейді?
- Сенің өмірінде өнердің алатын орны қандай?
- Сенің өнермен айналысқые келе ме? Қандай түрімен?
- Адамның өмір бойы көркемөнер туындыларына көңіл аудармай өтуі мүмкін бе, қалай ойлайсың? Сенің ойыңша, мұндай өмірдің қандай кемістіктері мен жетістіктері бар?
- Көркем өнердің, әдебиеттің адамдарды, халықтарды біріктіруші күші жөнінде қандай ой түйдің?
|