Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының 2025 жылға арналған атаулы және атаулы күндерінің күнтізбесін ұсынамыз. Күнтізбе кітапханашыларға, мұғалімдерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ оқырмандардың кең ауқымына арналған. Жәрдемақы келесі бөлімдерден тұрады:
Жоспар бойынша «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» атты клубының кезекті іс-шарасын Какимова Салтанат Кабдугалиевна мен Карымбаева Алеся Василевна «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы» мәнерлеп оқу сайысы тақырыбында өткізілді. Бұл сайысқа әр сыныптың оқушылары қатысты.
Мақсаты: Қазақтың бас ақыны, ұлы дана, ойшыл, сазгер Абай Құнанбайұлының мол мұрасын сыныптан тыс сайысы арқылы насихаттау.
Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.
Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу арқылы жастар сөз өнерін үйрену тілді дамытудың тиімді әдісі екенін сезінді. Өздерінің тіл мәдениетін жетілдіруге мүмкіндік алды. Абай мұрасы арқылы қазақ тілінің көркемдік қазынасының байлығына, сөз өнерінің бейнелілігіне тағы да бір рет көз жеткізді.
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысына қатысуға ниет білдірген оқушылар көп болды, алайда соның ішінен іріктеліп алынған 10 оқушы көркем сөз оқу шебері ретінде сайысқа қатысып, өздерін тағы бір қырынан танытуға мүмкіндік алды. Шара көрермендері де өздеріне рухани азық алып, кештен көңілді оралды.