"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданының білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Запорожье отдела образования Жаксынского района управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Виртуальный музей ЗСШ 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Психологиялық-педагогикалық кеңес беру

07.11.2024

«Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогтарына «Аутодеструктивті мінез-құлық» мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық консультация беру

Мақсаты: аутодеструктивті мінез-құлық нысандары туралы ақпарат алу және алынған ақпаратқа және осы тақырыпты бірлесіп талқылауға байланысты педагогтардың жағдайын жақсарту.

Психологиялық кеңес - адамдарды толғандырып жүрген мәселелерді шешуде, алдыңғы зерттеу нәтижелеріне негізделе отырып, ақыл-кеңес беру арқылы психологиялық көмек көрсету. Психологиялық кеңес жайлары психологиялық кеңесті ұйымдастырып жүргізетін уақытты, тәсілдерді, құралдарды және соны атқаратын орнын, психолог-кеңесшінің клиентпен қарым-қатынас стилін т.б. ескере қамтиды. Психологиялық кеңес — қарастырылатын мәселелер сипатына қарай бөлінетін психологиялық кеңес берулердің әртүрлілігі. Мысалы, интимді-тұлғалық, отбасылық, психологиялық-педагогикалық, қызметтік т.с.с. Психологиялық кеңес — психологиялық кеңес қызметкерлері үшін жасалынған жұмыс кестесі, психологиялық кеңес қызметкерлерінің атқаратын жұмыс түрлеріне қарай уақытқа бөлуін жасау
Психологиялық кеңес беру жұмысы- мектеп психологы қызметінің өте маңызды бөлігі. Кеңес беру - мұғалімдермен, оқушылармен, ата - аналармен жүргізіледі. Кеңес беруді жеке немесе топпен жүргізуге болады. Мектеп психологының жұмыс тәжірибесін жалпы қорыту нәтижесі, бізге мұғалімнің психологтарға жиі келесі мәселелер бойынша кеңес алуға келетіндіктерін көрсетеді, баланың жеке оқу пәндері бойынша материалдарды меңгеру барысына қиналу себептері, оқушылардың оқуға ынталарының болмауы және оқи алмауы, оқушыардың сыныпппен қарым қатынасының нашарлауы, мұғалімнің педагогикалық ықпалының нәтижесіз болуы, әр жастағы балалардың құрдастарымен қарым қатынасы және балалар ұжымының қалыптаспауы, өзінің жеке кәсіби біліктілігін жоғарлату, оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарын анықтау және дамыту, оқушылармен профессионалдық-ориентациялық жұмыстар жүргізудің әдістері.

Просмотров: 585


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст