28.02.2025
Жалпы ережелер
Көрсетілетін қызметті беруші туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ. Заңды мекенжайы: Запорожье ауылы, Мира көшесі 73.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
"Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ-де білім беру саласында 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2024 жылы қызмет көрсетілді:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген -0;
ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 39 қызмет;
көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген 73-қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.
Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау";
"Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру";
"Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою";
"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".
Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/activities/directions?lang=ru білім басқармасының "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар Нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2024 жылы мектеп БАҚ пен әлеуметтік желілерде 8 мақала жариялады. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 6 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
1.2024 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы "Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.
Мектеп директоры: Е. Байдусенов