"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданының білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Запорожье отдела образования Жаксынского района управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Виртуальный музей ЗСШ 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қортынды аттестация

20.06.2018

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі.

Мемлекеттік аттестаттау кезінде өткізілетін кешенді тестілеудің мақсаты бітіруші сыныптардың (олар болмаған жағдайда – жоғары сыныптардың) оқушыларының білім деңгейін бағалау болып табылады.

Міндеттері:

  • білім алушылардың білім деңгейін бағалау;
  • білім беру барысының ұйымдастыру тиімділігін бағалау;
  • білім беру деңгейінің білім берудегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына толық сәйкестігін анықтау.

Орта білім берудегі кешенді тестілеу 4-сыныптарда екі пәннен (әр пән бойынша 15 сұрақ), 9-сыныптарда үш пәннен және 11-сыныптарда төрт пәннен (әр пән бойынша 20 сұрақ) өткізіледі. Әр пән бойынша 30 минут беріледі.

Мемлекеттік аттестаттау кезіндегі кешенді тестілеу бойынша білім алушылардың білім деңгейлерін бағалау шкаласы:

  • Сұрақтардың 90-100% дұрыс жауап берген білім алушылар «өте жақсы» деп бағаланады;
  • Сұрақтардың 75-89% дұрыс жауап берген білім алушылар «жақсы» деп бағаланады;
  • Сұрақтардың 50-74% дұрыс жауап берген білім алушылар «қанағаттандырарлық» деп бағаланады;
  • 50% -дан төмен - «қанағаттандырарлықсыз».
Просмотров: 458


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст