01.08.2025
«Мектепке жол» акциясы
Мақсаты — әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету.
Өткізу мерзімі: жыл сайын 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығы
Ұйымдастырушылар: ҚР Оқу-ағарту министрлігі, жергілікті әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар, қайырымдылық қорлар, ата-аналар мен кәсіпкерлер қауымдастығы.
Міндеттері:
балаларды мектепке қажетті киіммен және құралдармен қамтамасыз ету;
әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармаудың алдын алу;
көмекке мұқтаж балаларды анықтау;
қоғамды балаларды қолдауға жұмылдыру.
Көрсетілетін көмек түрлері:
мектеп формасы, аяқ киім;
кеңсе заттары;
сөмкелер;
оқулықтар, дәптерлер;
материалдық көмек;
жол жүру қызметі (ауылдық жерлерде).