1.Жалпы ережелер
Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер: "Ақмола облысы Білім басқармасы Жақсы ауданының білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі"КММ. Заңды мекенжайы: Запорожье ауылы, Мир көшесі 73.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: "Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ баламалы және баламасыз негізде 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2021 жылы мектеп 93 қызмет көрсетті, оның ішінде 45 қызмет электронды түрде, 15 қызмет қағаз түрінде. Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
1) негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру.
2021 жылы осы бағыт бойынша 0
2) балаларды жалпы білім беретін оқу орындарының ауыстыруы үшін құжаттар қабылдау
2021 жылы 15 қызмет көрсетілді, қағаз нұсқада 15
3) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау жатады.
2021 жылы 40 қағаз, 40 электронды нұсқада қызмет көрсетілді.
4) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау
2021 жылы 41 қызмет көрсетілді, 41 электрондық нұсқада.
5) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау жатады.
2021 жылы 5 қызмет көрсетілді, қағаз нұсқада 5
2. Қызмет алушылармен жұмыс:
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты әлеуетті қызмет алушылар келесі сайттардан ала алады: https://adilet.zan.kz/rus мектептің сайтында, сондай-ақ мектептің ақпараттық стендінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы да жұмыс істейді.
2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ, мемлекеттік қызмет көрсетуді бұзуға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.