«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты ІІІ Республикалық жас педагогтар байқауының қорытындысы
«Қазақстан 2020: болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын, Жастар жылын іске асыру, Жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесін арттыру және шығармашылық әлеуетін жандандыру, одан әрі кәсіби өсуі үшін жағдай жасау және оларды Қазақстан Республикасының Білім беру мекемелерінде бекіту, педагогтардың инновациялық белсенділігін дамыту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың 21- 25 сәуір аралығында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты ІІІ Республикалық жас педагогтар байқауының ақтық кезеңі өтті. Байқауға келген барлық қатысушылар өте жоғары деңгейдегі білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сабақ барысында қатысушылар жаңартылған білім мазмұны бойынша заманауи технологияларды қолданды. Байқау жоғары деңгейде өтіп, қатысушылардың білімдері мен біліктері әділ бағаланып, лайықты орындар анықталды.