"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданының білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Запорожье отдела образования Жаксынского района управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Виртуальный музей ЗСШ 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қарттар күніне

20.02.2018

                                                        

Қарттар күніне

Қарттар жөнінде,өзіміздің туған әжелеріміз туралы сөз қозғайық.Әжелеріміз бізді кішкентай

деп санайды,тамақ ішкің келмесе ішуге мәжбүрлейді,үнемі ісімізге

араласады.Ыстық күндері далада барлық бала киімсіз жүрсе де,сені жылы

киіндіреді.Жаңбырлы күндері мектеп алдында қолшатырмен күтіп тұрады.Балалар алдында тек ұятқа қалдырады.Мұндай әжемен не істеуге болады?

деген  сұрақ туындайды.Мен бұл сұрақтың жауабын берейін.Ондай әжені күтіп-баптау,сыйлау

керек,шыдамдылық таныту, түсіну және ең бастысы сүю қажет.Мен әжемді жақсы түсінемін ,себебі оның ғұмыр кешуіне аз-ақ қалды.Оның барлық қызығушылықтары,жеке өмірі,оқиғалары артта қалды.Енді мен-оның бар қуанышы,өмірінің қызығы болып табыламын.Кез

келген жастың ерекшелігі болады.Бұл ерекшелік қарттарда да бар.Ұрысу,тиім салу,бірақ мұның бәрі де біздің келешегіміз үшін.Олар сенің адам болуынды ойлайды,тәрбиелеп дұрыс жолға салады.Бұл үшін оларды жазғыруға болмайды.Мен әжемді оның жасаған бар жақсылығы үшін,мейірімі мен шексіз

махаббаты үшін жақсы көремін. Мейіріммен оларға құшақ жайып  былай деп дұға жаса:”Уа,Раббым!Олар мені қалай мәпелеп өсірген болса,оларды солай мейіріміңе бөлей гөр”.

 

                                                                     

Қарттарым жүректерің

неткен дархан,

                                                                      

Көтерген тұрмыс

жүгін сенің арқаң.

                                           

                           Жолыңды жүріп өткен қарасам

мен

                                                                       

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

                                                                     

Таң атып күн де

шыққан өздеріңмен,

                                                                    

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

                                                                     

Тербедің көктем

бағын самал болып

                                                                      Өсиет

жастарға айтқан сөздеріңмен,-

деп асыл қазына, арқа сүйер

тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

 

Запорожье орта мектебі

11А сынып оқушысы

Баймағамбетова Д.

Просмотров: 350

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст