Сабақтың тақырыбы: Көмірсутектер мен олардың туындыларының арасындағы
генетикалық байланыстар
Сабақтың мақсаты: оқушылардың көмірсутектер туралы білімдерін практикада
қолдануға машықтандыру,өзіндік жұмыстарды, есептер шығару қабілеттерін дамыту,
тез шешім шығаруға дағдыландыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,
кестелер,көмірсутектер молекуласының шарөзекті модельдері,сызбанұсқалар.
Сабақ түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: жұппен жұмыс ,интерактивті тақтамен жұмыс, химиялық
диктант
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру (сәлемдесу, түгендеу,психологиялық ахуал)
Оқушыларды түсті фигуралар арқылы жұптастыру.
2.
Негізгі бөлім:
1. Рет сандармен (1-6) берілген көмірсутектердің
түрлерінің тұстарына әріптермен белгіленген сәйкес жалпы формулаларын жазыңдар:
1)алкандар;
2)циклоалкандар;
3)алкендер;
4)алкадиендер;
5)алкиндер;
6)арендер
а) CnH2n ә) CnH2n-6 б) CnH2n+2 в) CnH2n-2
2.Келтірілген көмірсутектердің формулаларының
тұстарына атауларын, формулаларын жазып кестені толтырыңдар:
Формуласы |
Атауы |
CH3 – CH2 – CH3 |
……………….. |
.............................. |
2,3-диметилпентан |
CH3 – CH(CH3) – CH2 – CH3 |
............................. |
................................. |
1,3-диметилбензол |
H3C – CH2CI |
.............................. |
................................. |
2-метилбутадиен-1,3 |
3. Көмірсутектердің әр түрлі кластарының көміртек атомдары
арасындағы байланыстардың түрлері туралы білімдеріңді жинақтап, оларды
салыстырып берілген кестені толтырыңдар:
Байланыс түрі
|
дара |
қос |
үш |
ароматты |
Гибридтену түрі
|
|
|
|
|
С – С атомдарының ядроаралық қашықтығы
|
|
|
|
|
Валенттік бұрышы
|
|
|
|
|
Кеңістікте орналасуы
|
|
|
|
|
4. Берілген заттардың ішінде қайсылары бір-бірімен
әрекеттесетінін тауып, реакция теңдеулерін жазып, түзілетін өнімдерді және
реакцияларды атаңыз.
а) CH4, CH3CI, CI2, C2H6,
C2H2, HBr, C2H4, H2.
CH4 →
Х →
C2H6 →
Y
ә) C2H6, HCI, H2O, Br2,
C2H4, C4H6, H2, C2H5OH.
C2H6
→ X → C2H5OH → Y
б) C2H4, CI2, C2H2, Na, C6H6,
H2, CH4, C6H5Br.
CH4 → X → C6H6
→ Y
5.Есептер шығару
1. Зат
мөлшері 1,5 моль этиленді сумен әрекеттестіргенде, зат шығымы 80% болған
жағдайда этанолдың қандай массасы алынатынын есептеңдер.
2.Әлдебір
алкеннің бірдей мөлшері әртүрлі галогенсутектермен әрекеттескенде 31,95 г
хлортуынды және 45,3 г бромтуынды түзілді.Алкеннің молекулалық формуласын
анықтаңдар.
3.
Бензолдың жану реакциясының термохимиялық теңдеуі бойынша:
С6Н6 + 7,5 О2 6СО2 +
3Н2О + 3268 кДж
2 моль,78 г,100 мл (тығыздығы 0,879 г/см) бензол жанғанда бөлінетін жылудың мөлшері (кДж).
6.Тест тапсырмалары
1.Органикалық
қосылыстардағы көміртектің валенттілігі:
А) 6
В) 4 С) 2 Д) 3
2)
Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын қалаған:
А) Н.Н.Семенов В) Д.В.Сокольский С) С.В. Лебедев Д) А.М.Бутлеров
3)
Синтетикалық каучуктің мономері
А) бутадиен -1,3 В) бутадиен – 1,2 С)
пентадиен- 1,3
Д) 2- метилбутадиен-1,3
4)
Алкендердің сапалық реакциясы
А) күміс-айна В) нитрлеу
С) бромдау Д) биурет
5)
Этиннің техникалық атауы
А) ацетон В) ацетилен С) толуол
Д) фенол
6)
Салыстырмалы молекулалық массасы 44-ке, 58-ге, 86-ға тең болатын алкандар
А) C5H12 В) C6H6 С) C3H8
Д) C4H10
Е) C7H14 F)
C6H14 G) C5H10 H) C2H4
7.
Қаныққан көмірсутектерге тән реакциялар типтері
А) бейтараптану В) дегидраттану С) орын
басу Д) қосылу
Е) полимерлену F) изомерлену
G) гидрлену H) дегидрлену
8. Этиленнің зертханада алынатын реакциясы
А) толуолдың гидрленуі В) этанның
гидрленуі С)этанолдың дегидрленуі Д)толуолдың дегидраттануы
Е) хлорэтанның Na әрекеттесуі F) этилбензолдың сілтімен әрекеттесуі G)
пропанолдың дегидрленуі H) этанолдың дегидраттануы
9.Вьюрц реакциясы арқылы қандай қосылыс
алынбайды
А) C4H10 В) C5H12
С) C6H14 Д) C2H2 Е) C3H8
F) C7H14 G) C8H18 H) CH4
10. sp2 гибридтену болатын заттар
А) алкен В) ацетилен С) метилметан Д)
этилэтан Е) алкан
F) арен G) алкин
H) алкадиен
Үйге тапсырма
Төмендегі
сызбанұсқада келтірілген өзгерістерді орындауға мүмкіндік беретін реакция
теңдеулерін жазыңыздар:
1 5
алкан циклоалкан бензол
2
4
3
алкен
алкин
3.Бағалау-
Қорытындылау- Рефлексия
Қорытындылау. Оқушыларды бағалау.(Жауап парағы)
Оқушылар тізімі |
№1 |
№2 |
№3 |
№4 |
№5 |
№6 |
Жалпы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Рефлексия
Мен сабақта:
үйрендім көп нәрсені....
үйренгенім аз....
Мен сабақтағы өз жетістіктеріме:
ризамын....
риза емеспін....