"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданының білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Запорожье отдела образования Жаксынского района управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Виртуальный музей ЗСШ 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Әдептілік-әдемілік" тәрбие сағаты

19.04.2017

 

Тәрбие сағаты

«Әдептілік-әдемілік»

 

 

6-сынып

 

 

 

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «ӘДЕПТІЛІК- ӘДЕМІЛІК»

Мақсаты:1.Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,толықтыру,алған

білімдерін өмірде  қолдана алуға үйрену

2.Оқушылардың сөздік қорларын молайту,адамның бойындағы

жақсы,жаман қасиеттері туралы өз ойларын жеткізе білуге үйрету

3.Адагершілікке,имандылыққа

,ұқыптылыққа,әдептілікке,әдемілікке,сыпайылыққа тәрбиелеп дамыту

Көрнекілігі: интерактивті

тақта,үлестірмелі парақтар,нақыл сөздер,ассоц. карта т.б.

Барысы:

1. Кіріспе сөз

2. Сөзжұмбақ

3. Көрініс

4. Мақал – мәтелдер, тақпақтар

5. «Жалғастыр ойыны»

6. Ситуациялық жағдайлар

7. Ассоц. Карта

8. Қорытынды

1.Кіріспе сөз

Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы,

мемлекеттің өркендеуі-сендердің әдепті де әдемі ,білімді,тәрбиелі

болуларыңда.Мектеп өңірінде болып жатқан тәрбие жұмыстарына назар

аударып,ұстаздардың берген тәлімдерін өз бойларыңа жинап,өнегелі болып өсулерің

керек.» Бір хадисті келтіргіміз

келіп отыр: «Адамда бір кесек ет бар,

егер ол кесек жақсы болса, адамның бүкіл тәні де сондай, егер жаман болса,

бүкіл дене де жаман. Ол кесек – ой. (яғни жан, жүрек).»

             Сынып екі топқа бөлінеді: 1.«ӘДЕПТІЛІК» тобы     2. « ӘДЕМІЛІК» тобы

                       

2.Сөзжұмбақ

«Әдептілік» тобы

1. Анаңның

анасы саған кім?(әже)

2. Оң аяқ, сол аяқ

Кезек оны тебеді.(доп)

3. Бала

тәрбиесі (бесіктен)

4. Жеті

күн. (апта)

5. Мектептегі

екінші анаң. (ұстаз)

6. Бірлік

болмай (тірлік) болмас.

7. Тілі

жоқ өзінде,

Сөзі бар өзінде. (қалам)

8. Сүттен

жасалатын тағам. (кітап)

«Әдемілік» тобы

1. Үйректен

ілімді қырық екі білімді. (әліппе)

2. Жұмыс

бізді үш жамандықтан құтқарды.

Ауырудан, жоқшылыұтан, (зерігуден)

3. Жақсыдан

үйрен – жаманнан (жирен)

4. Білім

ордасы не? (мектептен)

5. Халықпен

халықты, адам мен адамды теңестіретін не? (білім)

6. Бала

тілі – (бал)

7. Үлкенге

құрмет – кішіге (ізет)

8. Күн

күледі,

Түн түледі. (көктем)

  Самға Д. Дильдябекова        

                        

3.Көрініс  

«Әдептілік» тобы

Қарт адамдарға

көмектесу, жол беру.

«Әдемілік» тобы

Автобуста әжеге орын беру.

                         4.Мақал-мәтелдер,  тақпақтар

1. Әдепті

бала-арлы бала, әдепсіз бала –сорлы бала.

                          2.Әдепттің белгісі-иіліп сәлем бергені.

                          3.Әдептің не екенін –әдепсіз адамды көргенде

ұғарсың.

                          4. Аға әдепті болса-іні әдепті

                              Апа әдепті болса- сіңілі әдепті.

Ендігі кезек «Әдептілік» тобынан

Ж. Бекзат өз тақпағын айтады:

Сәлемді де білемін көршілерді көргенде,

Ізетті де білемін үйге қонақ келгенде.

Әдепсіз деп

сөкпесін

Апама айтып өкпесін.

Ал енді «Әдемілік» тобынан

тақпақ айтуға шығатын Б. Тамила:

Мейірімге қонбаймын,

Тірлігінді жалғаймын.

Ақ анамның барында

Ең бақытты жандаймын.

Бейнетімнен қашыған,

Еңбегі үлкен баршадан.

Ол өзімнің анашым

Жүрегі кең жақсы адам.

                         

5. « Жалғастыр ойыны»

                         

«Әдептілік» тобына. Не істеуге болмайды?

- Кішкентай

баланы жылатуға болмайды;

- Құстарды

атуға болмайды;

- Ұрлауға

болмайды;

- Өтірік

айтуға болмайды;

- Кітаптарды

жыртуға, сызуға болмайды;

«Әдемілік» тобына. Не істеу керек?

- Отбасынды сыйлау керек;

- Ұқыпты,

тәртіпті болу керек;

- Табиғатты

аялау керек;

- Сабақты

жақсы оқу керек;

- Оқу

құралдарын таза ұстау керек;

                          

6.Ситуациялық жағдайлар

                              1.«ӘДЕПТІЛІК» тобына:

      1.Автобуста бос орын жоқ,қарт кісі тұрып тұр . Не істер едіңіз?    

      2.Көшеде 

келе жатып әжей құлап қалды. Не істер

едіңіз?    

      3.Затын алып болған адам  әмиянын

тусіріп алды, өзі байқамады . Не істер едіңіз?    

                            2. « ӘДЕМІЛІК» тобы

      1.Үлкен кісі затын көтере алмай келе жатыр оған не деу керек?

      2. Өзіңнен үлкен кісілерді көрсең  не деу

керек?

      3.Сіз дүкенде  кезекте

тұрсыз,артыңызда  ата тұр оған недеу

керек

7. Ассоц. Карта

«Әдептілік» тобы адам бойындағы жақсы қасиеттерді, ал «Әдемілік» тобы адамның

бойындағы жаман қасиеттерді жазуы тиіс.

Ал ендігі кезекте С. Жания мен Д. Даянаның орындауында «Әсем ән» әнін қабыл

алыңыздар.

   8.Қорытынды.

Осымен бүгінгі «Әдептілік-әдемілік» атындағы ашық тәрбие сағатымыз аяғына жетті. Осы бүгінгі

тақырыпта біз өзімізді әдепті, тәртіпті, жақсы бала қылдырып ұстау керекпіз.

 

Просмотров: 886


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст