Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының 2025 жылға арналған атаулы және атаулы күндерінің күнтізбесін ұсынамыз. Күнтізбе кітапханашыларға, мұғалімдерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ оқырмандардың кең ауқымына арналған. Жәрдемақы келесі бөлімдерден тұрады:
Тәрбие сағатының тақырыбы: Жаһандық
бәсекеге қабілеттілік.
Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың отаннын сүюге, бірлікке, ел
тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың
байлығын қорғауға, еліміздің өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: қазақ елі суреттері, Қазақстан Республиканың рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың
суреті, нақыл сөздер, Қазақстан туралы әндер.
Тәрбие сағатының барысы:
Қазақстан
т уралы не білеміз?
Мен Қазақстанда тұрамын. Мен қазақстанда білім
алып жатырмын. Мен еліммен мақтанамын. Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.
Ой қозғау:
Біз
қандай мемлекетте тұрамыз?(Қазақстан)
ҚР-ның
халқы қай тілде сөйлеу керек? (ҚР-ның халқы қазақ тілінде
сөйлеу керек)
Біздің
тұңғыш президентіміздің аты-жөнін білесіңдер ме? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
Біз
елімізді не істейміз? (мақтан тұтамыз)
Қазақстан
тәуелсіздігіне неше жыл болды?
Биыл
Астанада қандай халықаралық көрмесі өтеді? (ЭСКПО-2017)
Қазір
Алматыда қандай спорт ойындары өтіп
жатыр? (Универсиада -2017)
Сөзжұмбақ «Жолдау» сөзі шығу керек.
1. Әлемдік сөзінің синонимі (жаһандық)
2. Отағасының антонимі (отанасы)
3. Ата –ана тәрбиелейді? (бала)
4. «... –біздің табысты болашағымыздың
негізі» (ұлт денсаулығы)
5. Тіл дамуы, сақталуы үшін қандай әріпке
көшпекпіз? (латын)
6. Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек?
(білім алу)
- Ендеше, балалар, бүгін Жолдау туралы
әңгімелесеміз.
- Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен
абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз
туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем
біледі және жоғары бағалайды.
- 2017 жылдың басынан бастап Қазақстан
Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.
- Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық
көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және
Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.
- Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары
өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан
астам спортшы мен делегация мүшелері
қатысуда.
- Осының барлығы Қазақстанның халықаралық
аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.
- Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең
алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс.
- Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және
әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының
өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.
- «Нұрлы жол» экономикалық саясатының және
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық
трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар
аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның
барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс
орындарын ашуға мүмкіндік берді.
- Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы
өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай
маңызды.
- Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаңғырту
жөнінде міндет қойып отырмын. Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру қажет.
- Қазіргі кезде көптеген елдер осындай
міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімнің жаңа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр
түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздің мықты тұстарымызды пайдаланып,
Тәуелсіздігіміздің 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып
алмауымыз керек қой.
- Қазақстанның Бірінші жаңғыруы бәріміздің
есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай
бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздің буын іргетасынан бастап қолға
алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды.
- Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030»
стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды.
Оның нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған
аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына
кірді.
- Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға
жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаңғыруды
бастауға тиіспіз.
- Бірінші басымдық – экономиканың
жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы.
- Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы
құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді
міндет.
- Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді
банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде
қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл
индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын
өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты.
- Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық
Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын.
- Біздің заңнамамызды жаңа жағдайға
бейімдеу керек.
- Коммуникацияның дамуы мен
оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету
керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді.
Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс.
- Жаңа индустриялар қалыптастырудың
маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып
саналады.
- Үкіметке «ЭКСПО-2017» нысандарының
бірінің базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруды тапсырамын. Ол
әлемнің барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудың платформасы болуға
тиіс. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым және салық жеңілдіктерін, оңайлатылған виза
мен еңбек режімін қоса алғанда, қолайлы жағдай керек.
- Біз жоғары оқу орындары, Назарбаев
Университеті және «Алатау» иннновациялық технологиялар паркі базасында
өзіміздің ғылыми және инновациялық әлеуетімізді дамытуымыз керек.
- Екінші кешенді міндет. Жаңа индустриялар
құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.
- Бұл – өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен,
көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.
- Бірінші. Еңбек өнімділігін айтарлықтай
арттыру керек.
- Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші
өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс.
- Бұл – автоматтандыру, роботтандыру,
жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер.
- Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025
жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың
кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын.
- Екінші. Басымдығы бар салалардағы
бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды
жалғастыру керек.
- Үкімет алдында қазірдің өзінде 2025
жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр.
- Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін
экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет.
Экспорттаушыларға «бір терезе» қағидаты бойынша өңірлерде де қолдау көрсету
керек.
- Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі
кеңес құруды тапсырамын. Оған бизнес қоғамдастығының өкілдері кіруге тиіс.
- Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет
әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыңғай экспорт стретегиясын
әзірлеуі керек.
- Қазақстан шетел инвестицияларын тарту
ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажет. «Астана» халықаралық қаржы орталығы
ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуда маңызды рөл атқаруға тиіс.
- Біз тауар өндіру мен өткізу, қызмет
көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керек. Мұны, ең алдымен, трансұлттық
компанияларды тарту арқылы жасаған жөн.
- Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі
Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай
тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді. Нақты жұмыс істеу
қажет.
- Бұл қазақстандықтар үшін 20 мың жаңа
жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла
бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соның бірі – гибридтік және толықтай электрлі
JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт.
- Қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын
ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту
мәселесін пысықтауды тапсырамын.
- Тұтастай алғанда, Қазақстанның өз
Инвестициялық стратегиясы болуға тиіс. Үкімет оны биылғы 1 қыркүйекке дейін
әзірлеуі керек.
- Халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық
экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, ең алдымен, ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы Экономикалық
белдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты. Ол үшін экономикалық дипломатия жұмысын
қайта құрып, жандандыра түсу қажет.
- Үкімет пен әкімдерге мынадай тапсырмалар
беремін:
- біріншіден, субсидияларды бөлу
қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу қажет;
- екіншіден, бес жыл ішінде 500 мыңнан
астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға
мүмкіндік беретін жағдай жасау керек;
- үшіншіден, өнімнің өңдеу сапасын
жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін
құру қажет;
- төртіншіден, еңбек өнімділігін белсенді
түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету керек;
- бесіншіден, жерді пайдалану тиімділігін
арттыруға тиіспіз. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион
гектарға жеткізу қажет;
- алтыншыдан, өндірісте сұранысқа ие
аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керек.
- Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021
жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырамын.
- Бұл міндеттер агроөнеркәсіп кешенін
дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.
- Бесінші. Жаңа еуразиялық логистикалық
инфрақұрылымды дамыту – маңызды басымдықтардың бірі.
- Оған қазірдің өзінде қомақты инвестиция
жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет.
- Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік
тасымалдың жылдық көлемін:
- - контейнерлермен тасымалданатын жүктер
үшін 7 есе – 2 миллион контейнерге дейін;
- - жолаушыларды әуе көлігімен
тасымалдауды 4 есе – 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды
тапсырамын.
- Транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты
5,5 есе – жылына 4 миллиард долларға дейін көбейту қажет.
- 2015 жылы мен «Нұрлы жол»
инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін
толық ақтады.
- Биыл республикалық маңызы бар 4400
шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңына
дейін соның кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезең-кезеңімен ақылы
жүйе енгізіледі.
- Алтыншы. Урбанизация үдерісі құрылыс
секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Ол отандық экономиканың толыққанды
драйверіне айналуға тиіс.
- Жол, тұрғын үй және басқа да
инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздың ұзақ
жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды
ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру
саласына да жаңа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы
мүмкіндіктер бар.
- Менің тапсырмам бойынша биыл «Нұрлы жер»
тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маңызды міндетті орындауға
– алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге
бағытталған.
- Біз 2016 жылдың соңында заңдастыру
науқанын аяқтадық. Оған еліміздің 140 мыңнан астам азаматы қатысты. Нәтижесінде
5,7 триллион теңге, оның ішінде қаражат түрінде 4,1 триллион теңге
заңдастырылды.
- Үкіметтің міндеті – бұл қаражаттың
экономикаға, соның ішінде жекешелендіруге қатысу арқылы пайда беруін қамтамасыз
ету. Сонымен бірге, Қазақстанның жекеменшік кәсіпорындарының облигация
шығарылымдарын субсидиялау мәселесін пысықтау қажет.
- Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, отандық
қор нарығын жандандыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырамын.
- Келесі шешуші міндет – салық-бюджет
саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу.
- Бірінші. Бюджет шығыстарының тиімділігін
түбегейлі арттыру қажет.
- Біз 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын
қажетті ресурстармен толықтай қамтамасыз еттік. Министрліктер мен
ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажет.
- Республикалық бюджеттің 40%-дан астамын
құрайтын Денсаулық сақтау, Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінен бастау керек.
Оның қорытындысы бойынша маған баяндалсын.
- Тиімсіз бағдарламалардың қаражатын
Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға
қайта бөлу қажет. Сондай-ақ, қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек әрі
тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдеткен жөн.
- Екінші. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға
ұтымдылық тұрғысынан қараған жөн.
- Төртінші басымдық – адами капитал
сапасын жақсарту.
- Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің
рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа
моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін
және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.
- Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық
сауаттылықты қалыптастыруға,
ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері
арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет.
- Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді
тапсырамын.
- Атап айтқанда, үш тілді оқуға
кезең-кезеңмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін.
- Қазақ тілінің басымдығы сақталады. Оның
әрі қарай дамуына зор көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі –
жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат
ағылшын тілінде жарияланады. Әрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып
отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете
алмайды.
- 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда
кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып,
ақылмен шешу қажет.
- Мектептердің және мұғалімдердің деңгейі,
әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардың жетіспеу проблемасы да
бар. Сондықтан, осының барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезең-кезеңмен
енгізуіміз керек.
- Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.
- Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға
арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады.
- Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және
өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек
адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай,
экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек.
- Ол үшін кәсіптік стандарттар еңбек
нарығының талаптарына және ең үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес
жаңартылуы қажет.
- Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі
сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарының кадрлық құрамына,
материалдық-техникалық жабдықталу деңгейіне, білім беру бағдарламаларына
қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет.
- Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала
туады, бұл – 1999 жылғы деңгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы үрдісті
алдағы уақытта да сақтау керек.
Қорытынды:
Жолдау туралы не түйдің?
Осы
айтылған тарауларда не айтылмады?
Эссе: «Егер де мен мектеп президенті болсам...»
Ән: көк тудың желбірегені.
Қазақстан
– жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет!
Біз тәуелсіз Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан
да биік белестер күтіп тұр.
Мемлекет
құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз.
Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін.
Біздің басты күшіміз – бірлікте деген Елбасымыз сөзімен тәрбие сағатын
аяқтаймыз.