27.06.2023
«Жазғы сауықтыру лагер» практикасы қорытындысы бойынша
ЕСЕБІ
Машықкер 2023 жылдың 20-28 маусым аралығында «Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі » КММ жазғы сауықтыру лагер практикасын өтті. Алғашқы күні «жұлдыздар » отряды беріліп, балаларды қарсы алудан бастады.
Таңертеңгілік бой жазу жаттығулары орындатты.Таңғы жаттығудан кейін,мектеп ауласы мен сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік туралы нұсқау берді.
21.06.23 ж күні «би» сайысын өткізді.Әр отряд түрлі би қимылдарын жасады. Әділ қазы алқасын сайлады.«Кішкентай үйректер биін»,«Көңілді қаздар» биілері болды. Шеңберге тұрып, тек ғана көзбен ,мұрынмен,тек ғана қолмен билеу сайыстарын өткізді. Сайыс соңында әділ қазы алқасы әр топты марапаттады.
Машықкер 22.06.23 ж күні топтар арасында «квест» өткізді. Бұл сайыс 3 кезеңнен тұрды. 1-кезең жұмбақты шешіп, би қимылдарын қайтала, 2-кезең 20 секундта суретті құра, 3-кезең балаларды мұғалімдер күтіп алатын жер деген жұмбақтын шешімін тауып, тапсырма орындау. Сайыс соңында әр топ марапатқа ие болды.
Машықкер 23.06.23 ж күні «эстафеталық» сайыстар өткізді. Балалардың белсенді қимыл- қозғалыста болуларына ерекше көңіл бөлінді. Спорттық -эстафеталық, дамыту жаттығулары үнемі жасалынып отырды. Эстафеталық ойындар балаларға ерекше ұнады, барлық балалар топтық алған орындары бойынша мақтау қағазбен марапатталды.
Машықкер 26.06.23 ж күні «Қарақұс және тауық»,«Үйректер мен қарақұс»,«Айгөлек»,« Кім жылдам», «Өз орныңды тап»,«Мысық пен тышқан» , «Ыстық орындық»,«Ыстық картоп» т.б. ойындарын өткізді.
Машықкер 27.06.23 ж күні « Запорожье орта мектебінің» музейімен таныстырды. Бұрынғы ата-бабаларымыз қандай заттарды қолданғанын, қалай өмір сүргенін балаларға мәлімдеп берді.
Машықкер 28.06.23 ж күні лагерьдің жабылуына орай «Қош бол , қызықты лагерь » шоуын ұйымдастырды.Шоу барысында балаларға түрлі ойындар ойнатылды, билетіп оқушыларға сұрақтар қойылды. Оқушылар белсенді қатысты.
Мектептің тәлімгері оқушылармен таза ауада ойындар ойнап, би билеп, әртүрлі сайыстар жүргізіп отырды. Дене шынықтыру мұғалімдері спорттық іс – шаралар жүргізді. Күнделікті таңғы жаттығу флэшмоб музыкалармен билеуден бастайды.Балаларға таңғы жаттығудан көрі таңғы жақсы ән мен би көңілдерін көтеріп отырды. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.