1. Осы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар "Ауылдық елді мекендер медициналық ұйымдарының ғимараттарын ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" (бұдан әрі - санитарлық ережелер) жекеменшік түріне қарамастан, ауылдық елді мекендерде медициналық тәжірибелер жүргізумен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға арналған.
2. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда жер учаскесі мен территорияларына, ғимараттар мен бөлмелерді жоспарлап орналастыруға және әрлеуге, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз етуге, канализация жүйесіне, жылуға, желдетуге, жарықтандыруға, бөлме жабдықтарына және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларына, тағамдық блок пен буфеттік бөлімшелерге қойылатын талаптар көрсетілген.
3. Осы санитарлық ережелер мен нормаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) ауылдық учаскелік аурухана "АУА" - стационарлық медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұжымы;
2) ауылдық дәрігерлік амбулатория "АДА" - өз қызметі шегінде аурушаңдықты, ерте анықталған ауруларды ескерту және төмендету жөніндегі кеңейтілген алдын-алу іс-шараларын өткізуді; науқастарды ерте анықтауды; дені саулар мен науқастарды диспансерлеуді; халыққа білікті медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырушы емдеу-алдын алу ұйымы болып табылады;
3) фельдшерлік пункт "ФП" - белгіленген тәртіппен ашылуы мен жабылуын денсаулық сақтау органы жүргізетін, ауылдық елді мекендерде амбулаториялық-емханалық бөлімше болып табылады;
4) фельдшерлік-акушерлік пункт "ФАП" - белгіленген тәртіппен ашылуы мен жабылуын денсаулық сақтау органы жүргізетін, ауылдық дәрігерлік амбулаторияның немесе ауылдық учаскелік аурухананың амбулаториялық-емханалық бөлімшесі болып табылады.
4. АУА, АДА, ФАП және ФП (бұдан әрі - медициналық ұйымдардың ғимараттары) орналасатын жер учаскелері құрылыс нормасы мен ережелерінің талаптарына (бұдан әрі - ҚНмЕ) міндетті түрде жауап беруі керек.
5. Бұрын қоқыс жинау орыны болған ассенизация алаңына, мал өлекселерін көмген және зират болған, сондай-ақ, топырақтың химиялық, органикалық ластану бар жерлерге емханалық мекемелерді салуға тыйым салынады.
6. Мекемелердің құрылыс территориясы ҚНмЕ талаптарына жауап беру қажет. Аурухана ауласына тұрғын үйлер орналастыруға, сондай-ақ ауруханаға қатысы жоқ құрылыстар жүргізуге рұқсат етілмейді.
7. Ғимаратқа көліктің өту жолдарын қарастыру керек.
8. АДА территориясында: негізгі корпустар мен шаруашылық, бау-бақшалық аймақтар болады.
Балаларға арналған бөлімшенің кіре берісінде нәрестелердің коляскаларын қоюға арналған үсті жабық алаң қарастырылады.
9. Аурухана ауласы келесі аймақтарға бөлінуі қажет: емханалар, стационарлар, шаруашылық ұжымы, инженерлік құрылымдар мен саябақтар, денешынықтырумен айналысуға арналып жабдықталған алаңдар.
Инфекциялық бөлімшелер (корпустар) территориясы "таза" және "кір" алаңдарға бөлініп, бір-бірімен арнайы жолдармен бөлектелінеді. "Кір" аймақтан шығар кезде көліктерге дезинфекция жүргізілетін жабық арнайы жабдықталған алаң болады.
10. ФАП мен ФП территорияларында мынадай аймақтар болуы тиіс: негізгі корпус, бау-бақша паркі, шаруашылық.
11. Ауланы жинастыру күнделікті жүргізілу қажет. Қоқыстар мен шаруашылық қалдықтар арнайы полиэтиленді қапшықтармен шабдықталған қоқыс жинағыштарға салынады. Емдеу мекемелерінде қоқыстар мен шаруашылық қалдықтарды жинау нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2774 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 18 наурыздағы "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы" N 262 бұйрығының талаптарына сай жүргізілуі керек. см. V085264
12. Қоқыс жинағыштардың қақпақтары болуы қажет және арнайы асфальттанған немесе бетондалған, дезинфекция жүргізуге қолайлы, алаңдарда орналастырылуы керек. Қоқыс жинағыш алаңдар қоршалынады. Палаталық алаңдар мен қоқыс жинағыш алаңдардың ара қашықтығы 25 метрден (бұдан әрі - м) кем болмау тиіс.
13. Мекеме ауласындағы қоқыстар жинауға (әрбір 50 м. сайын) арнайы урналар қойылып, олар күнделікті қоқыстан тазалануы керек. Мекеме ауласы күнделікті жинастырылуы қажет.
14. Медициналық ұйымдардың ғимараттары жеке ғимараттарда орналастырылуы керек. АДА АУА-ның құрамына кіруі мүмкін, бірақ кіру есігі жеке болуы қажет.
Ғимараттардың архитектуралық жоспары мен конструктивтік шешімі және аурухана бөлімдері, санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтауға және науқастар мен қызметкерлердің еңбек пен демалысына қолайлы жағдай туғызу қажет.
Ғимараттарға жеке кіру есігінен басқа мүгедектер арбасына арналған пандус, сонымен қатар балалардың шанасы мен арбаларын сақтауға арналған, жабдықталған орын болуы керек.
15. Негізгі және көмекші бөлмелердің құрамы мен көлемі ҚНмЕ талаптарына жауап беруі керек.
АДА балалар бөліміне жеке кіретін есігі, гардеробы мен вестибюлі, үлкендердің бөлімшелерінен бөлек болады.
16. Палаталық секциялардың коридорларында және басқа бөлмелерде, ауруханалық жатақ орындарды науқастармен орналастыруға ұрықсат етілмейді.
17. Функционалдық қолданылуына қарай ішкі бөлмелерді Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат берілген материалдармен өңдейді.
18. Ішкі бөлмелердің ауа алмасуына және өңдеуге Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат берілген материалдар қолданылады.
19. Ауруханадағы барлық технологиялық, санитарлық-техникалық,
инженерлік және басқа жабдықтар мен жиһаздар, инвентарлар жұмыс қалпында болуы керек. Медициналық жабдықтармен жарақтандыру нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2524 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 12 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы" N 677 бұйрығының талаптарына сай жүргізілуі керек.
20. Егер де тұрғылықты жерлерде орталықтандырылған су жүйесі болмаса, онда электрлік жылытатын құралдарды қолдана отырып қазба жолмен алынған жергілікті суды қолдана алады.
21. Жергілікті канализация жүйесіне жиналған лас сулармен қоқыстар өз уақытында тазаланып отырылуға тиіс.
22. Аурухана қызметкерлері қызмет көрсететін санитарлық тұрмыстық бөлмелер ҚНмЕ талаптарына сай жабдықталуы тиіс.
23. Барлық бөлмелер, медициналық жабдықтар таза күйінде болуы қажет. Бөлмелерді ылғалды жинау, ауасын залалсыздандыру күнделікті жүргізіледі. Жинайтын инвентарлар маркировкаланып, қатаң түрде талапқа сай қолданылып тиісті бөлмеде сақталуы қажет. Бөлмені жинауда Қазақстан Республикасында қолдануға ұрықсат етілген дезинфекциялы заттар қолданылады.
24. Ауаны залалсыздандыру үшін мыналар қолданылады:
1) экрансыз қозғалмалы бактериоциттік шам, есеп бойынша бөлменің 1 текше метр (бұдан әрі- м 3 ) көлемі 2,0-2,5 ватт (бұдан әрі - вт) күшке сәйкес қойылады;
2) экрандық бактериоциттік шам есеп бойынша бөлменің 1 м 3 -на 1,0 вт күші, еденнен 1,8-2,0 м сәйкес қойылуы қажет.
Шамның жұмысының есебі арнайы журналға тіркеледі.
25. Шам сөндіргіші бөлменің кіре берісінде орналасуы керек. Қызметкерлерге бөлмеге кіру бактериоциттік лампа сөнгеннен кейін 30 минөт өткеннен соң, бөлмені желдеткеннен кейін, рұқсат етіледі.
26. Медициналық және де басқада жабдықтар мен инвентарларды залалсыздандыру және зарарсыздандыру жүргізілуі керек.
27. Науқастардың төсек-орыны аптасына 1 рет алмастырылуы керек. Босанатын әйелдердің төсек-орны әрбір 3 күнде алмастырылады. Сүлгі және астарына қоятын салфеткалар қажеттіліктеріне қарай беріледі. Босану блогында стерильденген төсек-орын қолданылады.
28. Науқастардың кір төсек-орындары полиэтиленді қаптарда немесе төсек орын жинауға жабдықталған арбада жинақталады. Кір төсек-орындарды бөлімдерде сұрыптауға болмайды.
Кір төсек орындарды бөлімдерде уақытша сақтау (12 сағатқа дейін) санитарлық бөлмелерде немесе осы мақсатқа арнайы бөлінген бөлмелерде жабық ыдыстарда жүргізіледі. Кір төсек-орынмен жұмыс істейтін жұмыскерлер арнайы санитарлық киімдермен қамтамасыз етілуі тиіс (халат, қолғап, маска).
29. Таза төсек орындар арнайы бөлінген бөлмелерде сақталады. Бөлімшелерде 1 күнге керекті төсек-орын осы мақсатқа арнайы бөлінген шкафтарда сақталады. Төсек-орын мен ыдыстар маркаланған болуы керек.
30. Аурухана төсек-орындары ауруханадағы кір жуатын жерлерде жуылуы тиіс. Жууға төсек-орынның барлық түрі жіберіледі. Аурухана төсек орындары араласып кетпеуі үшін арнайы технологиялық жабдықтар болуы керек. Инфекциялық бөлімдердің төсек орындары залалсыздандырылғаннан кейін жууға жіберілінеді.
31. Таза және лас төсек орындар кір жуғышқа қатты матамен оралып немесе жабық контейнерде арнайы бөлінген транспортпен әкелінуі керек. Ыдыстар тасымалдау кезінде еш дефектісіз және сыртына "таза" және "лас" деп жазылуы қажет.
32. Науқас адамдар ауруханадан шыққанда, өлгенде ластанған матрастар, жастықтар, көрпелер ауыстырылып, одан кейін дезинфекциялық камераларда залалсыздандырылуы тиіс.
33. Стационарға түскен науқас адам қабылдау бөлімінде стационарлық өңдеуден өтеді. Стационарлық өңдеуден өткен науқасқа ішкиім, аяқ киім беріледі. Науқастардың жеке киімі мен аяқ киімдері ілгіші бар арнайы ыдыстарда немесе шығарып салушы адамға сақтауға беріледі. Науқастар мен екі қабат әйелдерге стационарда үй киімімен жүруге рұқсат беріледі. Науқастарды гигиеналық жуу аптасына 1 рет жүргізіледі.
34. Аурухананың медицина қызметкерлеріне арнайы ауыстыратын киімдер берілуі қажет: халат, бас киімі, байлам, ауыстыратын аяқ киімдер күнделікті ауыстырылып отырылады. Оларды сақтауға арналған шкафтар болады. Санитарлық киімдер науқас адамның киімінен бөлек жуылады.
Медицина қызметкерлері мекемеден тыс жерлерде халатпен жүруге ұрықсат етілмейді.
35. Тағамды блок жеке тұрған ғимаратта орналасады.
36. Тағамдық блокпен буфеттік бөлімшелерді ұстау және пайдалану, тағам өнімдерін тарату нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2526 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі "Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы" N 569 бұйрығының талаптарына сай жүргізілуі керек.
37. Меню-раскладканы құрған кезде тамақтану нормасы мен режиміне сәйкес болуы тиіс. Науқас тағамы әр түрлі және емдеу көрсеткішіне, яғни химиялық құрамы, энергиялық бағалылығы, тамақтану режимі, азық-түліктің құрамы ескерілуі керек. Меню құрған кезде азық-түліктердің ауыз суына байланысты химиялық құрамы мен калориялық диеталары есептелінеді.
38. Тағамдық блокта әрдайым күнделікті тағайындалған тағамның сынамасы қалып отыруы керек.
39. Буфеттен аурухана бөлімдеріне дайын тағамдарды жеткізу үшін термос, тележка және тығыз жабылатын ыдыстар қолданылады. Тағамдық блоктан, буфеттік бөлімдерден, дайын тағамдармен азық-түліктерді эмалі кеткен ыдыстармен (шелек, кастрөл) тасымалдауға рұқсат етілмейді.
40. Тағамдық блокта залалсыздандыратын, жуатын заттарды сақтайтын арнайы бөлме болуы керек. Тазалайтын инвентарлар маркировкаланып, жуатын және залалсыздандыратын заттар маркировкаланған ыдыстарда сақталу керек.
41. Киімдерді тағамдық блоктарда жууға рұқсат етілмейді.
42. Буфет бөлімінде екі арнайы бөлме қарастырылады, 9 шаршы метрден (бұдан әрі - м 2 ) кем емес және ыдыстар жуатын бөлме үш көзді ваннасымен 6 м 2 кем емес.
43. Дайын болған тағамды ауруларға тамақ дайындалғаннан кейінгі екі сағаттың ішінде таратуы керек. Тағамның таратылуына кіші қызметкер жіберілмейді.
44. Жарамдылық мерзімі өткен азық-түліктерді бөлімдерде сақтауға болмайды.
45. Мекеме бөлмелерінде шыбын шіркейлер мен кеміргіштер болмауы тиіс. Мекемелерге залалсыздандыру және дератизация шараларын жүргізу лицензиясы бар мекемелерге жүктеледі.
46. Медицина және тағам блогындағы қызметкерлер нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің
N 2780 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы "Өндірістік зиянды, қауіпті және қолайсыз факторлардың әсеріне ұшырайтын жұмыскерлерді міндетті түрде жұмысқа алынар алдында және кезеңді медициналық тексерістерден өту керектігі туралы нұсқау мен өндірістік зиянды факторлардың және кәсіптердің тізімін бекіту туралы" N 243 бұйрығына сай алдын ала және кезеңді медициналық тексерістерден өтуі тиіс.