Ақмола облысында Көкшетау қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Ақ шағала» хореографиялық фестиваль-байқауы ұйымдастырылды.
Байқауды ұйымдастырушылар: Ақмола облысы білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы. Байқау 2018 жылдың 27-28 сәуірінде Үкілі Ыбырай атындағы филармонияда өткізілді. Жақсы ауданы бойынша Ғ.Әбдірахманұлы атындағы Қима орта мектебінің атынан «Гулдер-ай» би тобы және Запорожья ауылынан «Инсар» би тобы қатысты .
Мақсаты: оқушылардың
хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай туғызу, үйлесімді
тұлғаны тәрбиелеуде және одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатқа бағытталған
қызмет көрсету, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.
Міндеттері:
-
оқушыларды хореографиялық өнерге, тарихи мұраларға тарту,
оларды белсенді шығармашылық жұмысқа қызықтыру, әлеуметтендіру;
-
бишілік мәдени
дәстүрді қалпына келтіру, бишілік мәдениет тарихын зерттеу;
-
оқушы тұлғасын
шығармашылық тұрғыдан жетілдіру, әлемді эмоционалдық деңгейде тануындағы
эстетикалық сезімін дамыту;
-
оқушылардың
эмоционалдық әлемін және шығармашылық қабілеттерін тану;
-
заманауи өнер саласындағы халықтық дәстүрлерді сақтау;
-
балалардың патриоттық сезімін, ұлттық мәдениетке,
халықтық дәстүрлерге құрметпен және әдеппен қарауын тәрбиелеу;
-
шығармашыл педагогтарды ақпараттық қолдау, ұжымдар
арасындағы шығармашылық байланысты нығайту және білім беру ұйымдары
педагогтарының өзара тәжірибе алмасуы.
Байқаудың
өту тәртібі:
-байқауға 10-17 жастағы
(18 жасқа дейінгі) балалар би ұжымдары қатысады.
Байқау
төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. Халық биі және
халықтық стильдегі би:
а) әлем халықтарының
билері;
б) қазақ биі.
2. Заманауи би:
а) эстрадалық би;
б) аралас би.
Хореографиялық
фестиваль-байқауы балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты өнерлі, заманауи
білімді азамат болып қалыптасуына, мәдени-танымдық шаралар арқылы рухани
байлығын арттыруға үлес қосу мақсатында өткізілді. Облыстық деңгейде өткізілген
фестиваль-байқауда аудандық, қалалық 32
би тобы қатысты. Қатысушы әр топ ұлттық қазақ биін және Заманауи би орындап өз
өнерлерін көрсетті. Байқауға қатысушылар Ақмола облысы білім басқармасының
І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және
грамоталарымен марапатталады.