"Ақмола облысы Білім басқармасының Жақсы ауданының білім бөлімінің Запорожье ауылының жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Запорожье отдела образования Жаксынского района управления образования Акмолинской области»

Ақпарат

Виртуальный музей ЗСШ - Мектеп мұражайы

  - Инстограм парақшасы

Атаулы және атаулы күндер күнтізбесі 2025 жылға арналған

Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасының 2025 жылға арналған атаулы және атаулы күндерінің күнтізбесін ұсынамыз. Күнтізбе кітапханашыларға, мұғалімдерге, жоғары оқу орындарының оқытушыларына, сондай-ақ оқырмандардың кең ауқымына арналған. Жәрдемақы келесі бөлімдерден тұрады:

  1. Қазақстан Республикасының мереке (демалыс) күндері;
  2. Қазақстан Республикасындағы кәсіби және өзге де мерекелер;
  3. Халықаралық мерекелер;
  4. 2025 жылға арналған атаулы және атаулы күндер күнтізбесі;
  5. Күні мен айы белгіленбеген атаулы күндер;
  6. Кітаптардың мерейтойлары.

Ары қарай..

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

КММ «Запорожье орта мектебінің» «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» клубының жоспар бойынша өткізілген ашылу кешінің қорытынды есебі.

20.12.2020

     Жоспар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің бірлесуімен «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» атты клубының ашылу салтанаты өткізілді.

     Іс – шараны өткізудегі мақсатымыз – кейінгі ұрпақтардың бойында Абайдың туындыларына деген қызығушылық пен құрметті арттыру, бұл ұлы тұлға, біздің мақтанышымыз екендігін дәріптеп, Абай Құнанбайұлының  шығармашылығы мен өмірбаяны туралы білімін тереңдету, сонымен қатар өскелең ұрпаққа Абай туындыларының мәнін жеткізу, оқушыларды  отан сүйгіштікке тәрбиелеу, туған еліне және жеріне деген махаббатын ояту болып табылады. Бұл іс – шарада  оқушылар өздерін жан-жақты көрсетті. Сонымен қатар оқушылардың Абай атамызды қаншалықты білетіндігі туралы сұрақ-жауаптар мен қатар ақын туындыларынан «Көзімнің қарасы» әнін 9 «А» сынып оқушылары Аусейтова Г мен Ашимова А орындады. Өлеңдерін 4 «Б» сынып оқушысы Суходолец К, 6 «Б» сынып оқушысы Папаева Р, 3 «А» Сейтмуханбетова Н, 6 «Б» сынып оқушысы Геращенко К жатқа айтты. Абай Құнанбайұлына арнап өз шығармасын 6 «А» сынып оқушысы Даниярова Д оқыды.

     Іс-шара соңында оқушыларды «Ұлы халықтың-ұлы Абайы» клубының мүшелігіне қабылданып, арнайы клуб төсбелгілер тағылды.

 

 

 

 

 

Абай клубының жетекшісі: Омарбекова Тазагуль Абдикамедовна

Просмотров: 390


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст